Қазақстан украин дәрі жеткізушілерімен келісімшартты тоқтатты
Қазақстан украин дәрі жеткізушілерімен келісімшартты тоқтатты. Бұл туралы Мәжіліс отырысында денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Министрдің сөзінше, жұмыс басталып кетті. Ведомство украиналық фармацевтикалық зауыттармен келісімшартты тоқтатты. Геосаяси жағдайдың күрделі болуына байланысты Украинада көптеген өндіріс орындары жабылып қалған.
Бұған дейін Қазақстан 25 түрлі препарат сатып алып келген. Жалпы қордың 70 пайызын Қазақстан жыл басында алып үлгерді. Енді қажетті қалған дәрілерді өзге мемлекеттерден алмақ.
2,8 шақырымға 4 миллиард теңге жұмсалған: Жетісу облысындағы сарқырамаға апаратын жолдың құрылысы әлі бітпей тұр
Сарқырамаға апаратын жол 2027 жылы қолданысқа берілмек
Олимпиада чемпионы Михаил Шайдоровқа Алматыдан 120 миллион теңгеге пәтер берілмек
Әкімдік тұрғын үй 2026 жылы Милан қаласында өткен қысқы Олимпиада ойындарының жүлдегеріне арналғанын айтты