AAPL
137.59 $
0.17 %
TSLA
709.42 $
-0.05 %
NDAQ
143.08 $
0.7 %
GOOGL
2207.68 $
-1.35 %
FRHC
40.71 $
-0.97 %
AAPL
137.59 $
0.17 %
TSLA
709.42 $
-0.05 %
NDAQ
143.08 $
0.7 %
GOOGL
2207.68 $
-1.35 %
FRHC
40.71 $
-0.97 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстан дәріханаларынан инсулин жоғалып кетті

Қазақстан дәріханаларында инсулин тапшы. Қант диабетімен ауыратын науқастар өмірге қажетті препаратты бағаны қымбаттататын алып-сатарлардан алуға мәжбүр, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Хабар 24" арнасына сілтеме жасап. 

Елімізде қант диабетімен ауыратындар кепілдендірілген медициналық көмек аясында инсулинді тегін алуы тиіс. Алайда кей науқастарға емханаларда тегін жазып беретін препараттар сай келмейді. 2019 жылы дәріні биосимиляторға ауыстырған болатын. 

Содан бастап оралдық диабетик Александр Черченко инсулинді сатып алуға мәжбүр. Жыл басында ғана оның бір қорабы 19 мың теңге тұратын. Ал қазіргі уақытта препарат дәріханаларда сатылымда жоқ. 

"Лантус" енді жоқ. Қазіргі кезде инсулинді тек қара нарықтан алуға болады. Емханалардан берілмейді және ол өте қиын. Өйткені ішінде 5 шприц-қаламсап бар "Лантустың" бір қорабы маған 2,5 айға жетеді. Енді Алматыға тапсырыс бердік", - дейді Орал тұрғыны. 



Жігіт "Лантуспен" 7 жылдан бері қолданады. Бір инсулинді екінші түріне тек стационар жағдайында ауыстыруға болады. Оның өзінде үлкен қауіп бар. Мұндай қадамға барлық диабетиктер бара бермейді. 

Бірнеше жыл бұрын диабетикалық ассоциацияда препаратты арзандау "биосимилярға" ауыстыру туралы ұсыныс айтылған болатын. Алайда ол ескерілмеді.  

Қазақстан диабетикалық ассоциациясының президенті Руслан Закиевтің айтуынша, аптекадан "Лантусты" таба алмаған науқастар ұйымнан көмек сұраған. Ал денсаулық сақтау министрі елімізде инсулин тапшылығы жоқ екенін мәлімдеді. 

"Қант диабетімен ауыратын барлық науқастар бюджет есебінен инсулинмен қамтамасыз етіледі. Ешкім дәріханадан сатып алмайды. Өйткені барлық науқастар диспансерлік есепте. Олар инсулинді емханадан тегін алады", - деп түсіндірді министр Ажар Ғиният. 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр