Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстан туын балконға ілуге рұқсат берілді

ҚР премьер-министрі Асқар Мамин 27 қарашада "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын, Мемлекеттік Елтаңбасын және олардың бейнелерін, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Гимнінің мәтінін пайдалану (орнату, орналастыру) қағидаларын бекіту туралы" Үкімет қаулысына түзетулер енгізді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Қаулыға сәйкес, ережеде 4-тармақтың бірінші тармақшасында былай делінген:

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын жеке және заңды тұлғалар ғимараттарда (тұрғын үйлер мен тұрғын емес үй-жайларда), оның ішінде балкондарда және салтанатты іс-шаралар өткізілетін орындарда патриоттық сезімдерін, қазақстандық бірегейлікті, елдің, оның азаматтарының жетістіктерін қолдау мақсатында пайдалануы (орнатуы, орналастыруы) мүмкін.

Бұған дейін Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік рәміздерді, атап айтқанда, туды пайдалану ережелерін қайта қарауды ұсынған болатын.

Қазақстандықтарға балкондарына ту ілгені үшін айыппұл салынды. 2015 жылы Геннадий Головкинді қолдау мақсатында Қазақстанның туын балконына іліп қойғаны үшін астана тұрғынына 400 мың теңгеге жуық айыппұл салынған. Кейіннен айыппұл алынып тасталды.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр