Қазақстан төрт елмен әуе тасымалын қысқартады
Денсаулық сақтау министрлігі төрт елге рейстер санын қысқартуға кеңес берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Эпидемиологиялық жағдайға байланысты кейбір елдермен әуе қатынастарын азайту елдегі жағдайды жақсартуы мүмкін. Сол себепті төрт елге рейс санын азайту ұсынылып отыр.
"Бірқатар елдердегі эпидемиологиялық ахуалдың нашарлауына және Қазақстанға сырттан алып келінген коронавирустық инфекцияларға байланысты денсаулық сақтау министрлігі Украина, Біріккен Араб Әмірліктері, Германия және Беларусьпен әуе тасымалын қысқартуды ұсынады", - деді ҚР бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Ерлан Қиясов ОКҚ-дағы онлайн брифингте.
Қазақстанда киіз үй бағасы 200 мыңнан 1,8 миллион теңгеге дейін: Оны кімдер сатып алады?
"Өзін құрбан ету үшін "айналайын" деп дауыстаған": Қазақтың қандай салт-дәстүрі мен ұғымдары ұмыт болды
Тарихшы: "Ауру адамды киіз үйдің ортасына жатқызып, қарт кісі үш рет айналып, есікке келгенде “айналайын” деп дауыстайды"