ҚТЖ-ның еншілес ұйымында 56 млн теңгеден астам қаржы ұрланған
"Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясы "ҚТЖ-Жүк тасымалы" еншілес ұйымында ішкі тексеріс барысында 56 миллион теңгеден астам қаржының ұрланғанын анықтады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: ҚТЖ
“Ішкі қызметтік тергеу нәтижелері бойынша “Қазақстан темір жолы” компаниясының еншілес ұйымы "ҚТЖ-Жүк тасымалы" ЖШС-інде 56 миллион теңгеден астам қаржының ұрланғаны анықталды", – делінген хабарламада.
"Үлкен инвестиция қажет": Қазақстанда ҚТЖ тарифі көтерілмек
ҚТЖ құқық қорғау органдарына қылмыстық-процессуалдық заңнама шеңберінде кінәлі тұлғаларды анықтап, материалдық шығынды өтеу бойынша шаралар қабылдау туралы өтініш жолдады.
"Тергеу шаралары жүргізіліп жатыр. ҚТЖ алдын ала тергеудің бастамашысы ретінде тергеуге толық көмек көрсетіп жатыр. Компанияда мұндай жағдайларды болдырмау мақсатында жүйелі жұмыс жүргізіліп, кез келген заңбұзушылықтарға қатаң жаза қолданылады", – деп атап өтті ұлттық компанияның баспасөз қызметі.
"Біз славян қазақтарымыз": Қазақстандық әке жеті баласына қазақ тілі мен домбыра үйретіп жүр
Роман Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін қазақ тілін үйренуге ден қойып, содан бері тілді біртіндеп жетілдіріп келеді
Шымкентте әйелін аяусыз соққыға жыққан ер адам тек 25 күнге қамалды
Шымкентте әйелін соққыға жыққан ер адам 25 күнге сотталды