Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстан тарихындағы ең ыстық жыл белгілі болды

Синоптиктер Қазақстан тарихындағы ең ыстық жылды атады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: pixabay.com

"Қазгидромет" РМК 2023 жылға арналған Қазақстандағы жағдай мен климаттың өзгеруін бақылауға арналған жыл сайынғы бюллетень шығарды. Аспаптық бақылаулардың нәтижесінде 2023 жыл тарихтағы ең жылы жыл ретінде тіркелді.

2023 жылы Қазақстанда орташа жылдық ауа температурасы климаттық нормадан 2,58 градусқа асып, рекордтық көрсеткішке жетті. Әсіресе көктемгі, жазғы және күзгі аптап ыстық салдарынан Қаратөбе стансасында 40 градустан жоғары және 46 градустан шектен шыққан көп күндік аптап ыстық болды.

Ыстыққа қарамастан, 2023 жылы ең төменгі температура бойынша рекордтар орнатылды. Қос Истек стансасында рекордтық көрсеткіш -42,7 градус болса, оңтүстік облыстарда ауа температурасы -36,4 градусқа дейін төмендеген.

2023 жылғы жауын-шашын біркелкі болмаған. Күз мезгілінде ылғалдың артық болған. Көктемде Түркістан және Қостанай облыстарында қатты құрғақшылық байқалды. Шілде айында 203 миллиметр жауын-шашын түскен Батыс Қазақстан облысында рекордтық жаңбыр тіркелді.

Талқылау