Қазақстан шекарасындағы өткізу пунктін айналып өтпек болған үш ресейлік иен далада ұсталды
Ұлттық қауіпсіздік қызметі Қазақстан шекарасын айналып өтпек болған үш ресейлікті ұстады. Оқиға Қостанай облысында болған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

2022 жылдың 25 қыркүйегінде Қостанай облысы бойынша шекара қызметі департаментінің аумағында "Тобыл" бөлімінің қызметкерлері Ресей Федерациясының үш азаматын ұстаған.
"Өз әрекеттерін олар Ресейде жүріп жатқан жартылай мобилизациядан жалтарумен байланыстырды. Ұсталғандарға қатысты жауап алу шаралары жалғасып жатыр. Оның нәтижесі бойынша аталған азаматтар Ресейге беріледі", – делінген хабарламада.
Комитет өкілдері шекараны қорғау қызметінің күшейтілген режимде жұмыс істеп жатқанын мәлімдеді.
Жаңа салық кодексі әлеуметтік кәсіпкерлерді жеңілдіктерден айырды – Тапсырыс жоқ, қарыз көбейді
Эмин Аскеров: "Қызметкерлердің тағы 10%-ын толық емес жұмыс күніне ауыстырдық"
Шетелдіктерге қазақ тілі тесті қаншалықты қиын: ВНЖ-ны кімдер ала алады?
Тест онлайн форматта ҚАЗТЕСТ жүйесі арқылы өткізіледі