Қазақстан шекарасында қылмыстық топ мигранттарды заңсыз өткізген
Шекарада қылмыстық топ мигранттарды заңсыз өткізген. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Ұлттық қауіпсіздік комитеті шекарадан мигранттарды арлы-берлі заңсыз өткізумен айналысқан қылмыстық топты ұстады. Осындай жолмен пайдаға кенелген 72 адам құрықталды.
Ұстау операциясы Жетісу, Жамбыл және Түркістан облыстарында жүргізілген. Қылмыстық топ Қытайдан, Өзбекстан мен Қырғызстаннан жұмысшыларды заңсыз өткізіп отырған. Олаи бұл әрекеттері үшін ақша алған.
Жүйелі түрде жолға қойылған заңсыз бизнестен қыруар ақша түскен.
Комитеттегілер қылмыстық топтың бопсалау сияқты басқа да ауыр қылмыстарға қатысы бар дейді. 72 адамды құрықтау кезінде олардан қару-жарақ, ірі көлемде ақша мен есірткі де тәркіленді.
Kcell компаниясы қызметкерлеріне арналған жаңа жылдық корпоративке 160 миллионға жуық қаражат жұмсаған
1100 адамға кешкі ас қарастырылған: қымбат салат, түрлі ассорти, стейк, жеміс пен десерт қойылған
Қазақстан шоу-бизнесіндегі ең даулы сәттер: 2025 жыл қандай жайттармен есте қалды?
2025 жылы желіде талқыланған даулар