Қазақстан "Роскосмос" мүлкін бұғаттады: Мемлекет Байқоңырдан 13,5 миллиард теңге өндіріп алмақ
Қазақстан Байқоңырдан 13,5 миллиард теңге өндіріп алмақ. Себебі "Роскосмос" "Союз-5" кемесін ұшырған соң қоршаған ортаға келген зиянға байланысты "Бәйтерек" кәсіпорнына қарыз болып қалған деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі The Moscow Times басылымына сілтеме жасап.

Қазақстанның пристав қызметі Жерүсті ғарыш инфрақұрылымын пайдалану орталығына елден активтерін шығаруға тыйым салған. Сонымен қатар мекеме басшысына тергеу аяқталғанша республика аумағынан шығуға болмайды.
Мұндай шешімді "Астана" Халықаралық қаржы орталығының соты 2022 жылдың қарашасында қабылдаған. Ал тергеудің басталғаны туралы құжатты Жерүсті ғарыш инфрақұрылымын пайдалану орталығы 2023 жылдың қаңтарында алғаны көрсетілген.
Қазақстан мен Ресейге ортақ "Бәйтерек" кәсіпорны 2005 жылы ғарышты игеру бағдарламасын жүзеге асыру үшін құрылған. Оған сәйкес гептилмен ұшатын зымыраннан экологиялық таза зымыранға өту жоспарланған еді.
"Роллтонның" орнына бешбармақ: Атырау тұрғыны ұлттық тағамды 5 минутта дайындау жолын тапты
Кәсіпкер үшін бешбармақ – тек тез дайындалатын тағам емес
1 миллион теңге айлық, пәтер мен қызметтік көлік: Мемлекет Құрылтай депутаттарына қандай жағдай жасайды
Құрылтай мен бұрынғы Парламент арасында қандай айырмашылық бар