Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстан Ресейден вакцина сатып алу мәселесін қарастырады

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей президенті Владимир Путинге Сovid-19 коронавирустық инфекциясына қарсы әлемдегі алғашқы вакцинаның тіркелуіне байланысты құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Ресей жақындарынан айрылғандардың қайғысына ортақтасады

"Бұл оқиға Ресей ғылымының жоғары әлеуеті мен беделін нақтылай түсті. Сондай-ақ Ресейдің осы жаһандық қауіп-қатерге қарсы күрестегі жетекші рөл атқаратынын көрсетті. Әлемде қалыптасқан осынау қиын-қыстау кезеңде Қазақстанға үнемі қолдау көрсетіп, оның ішінде, гуманитарлық көмек беріп және еліміздегі санитарлық-эпидемиологиялық ахуалдың жақсаруына үлкен үлес қосқан дәрігерлер жібергеніңіз үшін Сізге ризашылық білдіреміз", – деп жазды Қазақстан Президенті жеделхатта.

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан мен Ресейдің аталған бағыттағы тиімді ықпалдастығы туралы да сөз қозғады.

"Тамыз айының екінші жартысында үкіметтік делегация ресейлік вакцинаны сатып алу мәселесін талқылау үшін Мәскеуге барады", – деп атап өтті мемлекет басшысы.

Бұған дейін денсаулық сақтау министрлігі клиникалық сынақтардың барлық кезеңдері аяқталғанға дейін Қазақстан COVID-19-ға қарсы вакцинаны сатып алмайтынын мәлімдеген еді.

"Коронавирустық инфекцияға қарсы вакциналар барлық тиісті халықаралық сертификаттаудан өткен кезде ғана сатып алынады. Біздің сарапшылардың айтуынша, ең жақсы зертханалар тек үшінші сатыда (вакцинаны әзірлеу), бірақ төртінші кезең де бар, бірақ оны әлі ешкім өтпеді. Кезеңнен кейін ғана халықаралық сертификаттау өтеді, ол қандай ел болады және қандай зертхана - белгісіз. Барлығы күтіп отыр", - деді денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Бағдат Қожахметов.

11 тамызда Ресей COVID-19-ға қарсы вакцинаны тіркеу туралы жариялады. Бұл туралы ел президенті Владимир Путин мәлімдеді. Ол Мәскеудің Гамалея институты әзірлеген вакцина толығымен қауіпсіз екенін және оны қыздарының бірі қабылдағанын айтты.

Талқылау