Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстан президенті Жамбылдағы жарылыс бойынша шұғыл кеңес өткізді

Мемлекет басшысы Жамбыл облысында болған жарылысқа байланысты шұғыл кеңес өткізді. Бұл туралы ҚР президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Қасым-Жомарт Тоқаев Жамбыл облысында төтенше жағдай кезінде қаза тапқандардың туыстарына көңіл айтты және барлық зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуін тіледі.

"Мемлекет басшысы Жамбыл облысында болған жарылыстарға байланысты шұғыл жиналыс өткізіп, ведомствоаралық мемлекеттік комиссия құруды тапсырды.  

Оған премьер-министрдің орынбасары Роман Скляр басшылық жасайды. Қаза болған азаматтардың отбасын әлеуметтік қорғау және зардап шеккен тұрғындарға көмек көрсету үшін барлық қажетті шаралар қабылданады", – деп жазды Берік Уәли Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасында.

Шараға премьер-министр, құқық қорғау және қауіпсіздік органдарының басшылары қатысты. Ал Қорғаныс министрі, Төтенше жағдайлар министрі және Жамбыл облысының әкімі Тараз қаласынан бейне байланыс арқылы қатысып отырды. 

Талқылау