Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Денсаулық сақтау министрлігі Қазақстанға Pfizer вакцинасы қашан келетінін айтты

ҚР денсаулық сақтау министрлігі "Pfizer" компаниясымен вакцинаны жеткізу бойынша алдын ала келісімге қол жеткізді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

пфайзер

ҚР денсаулық сақтау министрлігі "Pfizer" компаниясымен 2021 жылдың 4-тоқсанында жеткізуге алдын ала келісімге қол жеткізілгенін хабарлайды.

"2021 жыл наурыздан бастап "Pfizer" компаниясының өкілдерімен Сovid-19 коронавирустық инфекциясына қарсы вакцинаны жеткізу мүмкіндігі туралы келіссөздер рәсімдері басталды. Министрлік пен "Pfizer" компаниясының арасындағы өзара іс-қимыл шеңберінде құпиялылық туралы келісімге қол қойылды", – деп атап өтті ведомствода.



Министрлік мәміленің негізгі шарттары туралы келісімдердің талаптарын оңтайландыру бойынша "Pfizer" компаниясымен тұрақты негізде келіссөздер жүргізуде, оның ішінде Қазақстан Республикасы үкіметінің деңгейінде кеңес өткізілді.

Сонымен қатар "Pfizer" компаниясы вакцинаны жеткізу туралы келісім жасау үшін Қазақстан Республикасы президентінің жарлығын қабылдау қажеттігі туралы хабарлады.

Еске салсақ, президент үкімет отырысында Pfizer вакцинасын қазақстандықтарға қолжетімді ету керектігі туралы тапсырма берген еді.

Талқылау