Қазақстан Пәкістанға 400 мың доллар мөлшерінде гуманитарлық көмек көрсетпек
Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Қазақстан үкіметі Пәкістан Ислам Республикасына адам өліміне әкеп соққан нөсер жаңбыр мен су тасқыны салдарын жою үшін 400 мың доллар мөлшерінде гуманитарлық көмек көрсетеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Фото: aa.com.
Үкіметтің баспасөз қызметінің мәліметінше, мәселе премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Склярдың төрағалығымен гуманитарлық көмек көрсету жөніндегі комиссияның отырысында қаралды.
Ресми мәліметтер бойынша, Пәкістанда табиғи апаттан 1033 адам қаза болды, оның ішінде 343 бала, сондай-ақ тұрғын үйлер мен инфрақұрылым қирады. Шамамен 35 млн адам баспанасыз және азық-түліксіз қалды.
27 тамызда Пәкістан премьер-министрі Ш. Шариф халықаралық қауымдастықтан көмек сұрады.
28 тамызда Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Пәкістан президентіне су тасқыны салдарынан адамдардың қаза болуына байланысты көңіл айтты.
Қазақстанға 12 жылдық мектеп керек пе: Назарбаев зияткерлік мектептеріндегі оқу мерзімі қысқарса, не өзгереді
Мектептегі қосымша бір жылға қатысты қоғам пікірі екіге бөлінді
Елтаңба тауып алғаны, өз ақшасына алаң салғаны үшін: Қазақстанда талқыға түскен айыппұлдар
Қайсысы әділ, қайсысы шектен шыққан шешім болды