AAPL
168.49 $
-0.44 %
TSLA
859.89 $
-2.62 %
NDAQ
186.57 $
-0.02 %
GOOGL
118.84 $
-0.72 %
FRHC
57.42 $
-0.24 %
AAPL
168.49 $
-0.44 %
TSLA
859.89 $
-2.62 %
NDAQ
186.57 $
-0.02 %
GOOGL
118.84 $
-0.72 %
FRHC
57.42 $
-0.24 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Енді Қазақстан өңірлері мектеп формасының түсін өздері таңдай алады

Білім министрлігінің мектепке дейінгі және орта білім комитеті төрағасының орынбасары Жомарт Қарамбаев жергілікті білім беру органдары мектеп формаларының бірыңғай түсін ұсына алатынын айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Онлайн брифинг кезінде комитет төрағасының орынбасары министрліктің орта білім беру ұйымдары үшін міндетті мектеп формасына қойылатын талаптар туралы бұйрығына өзгерістер енгізіліп жатқанын жеткізді. Олар биыл жаздың соңына дейін бекітіледі. 

Жомарт Қарамбаевтың айтуынша, бұйрықта облыстық білім басқармасы, сондай-ақ қалалар мен аудандардың білім бөлімдері әкімшілік аумақта мектеп формасының бірыңғай түсін ұсына алады. Алайда шенеуніктер жеке шешім қабылдай алмайды.

"Бұл тек ұсыным. Түпкілікті шешімді ата-аналар қауымдастығы қабылдайды. Әр мектепте қамқоршылар кеңесі, ата-аналар комитеті бар, оған оқушылардың ата-аналары кіреді. Егер олар осындай шешім қабылдайтын болса, онда облыс аумағында бірыңғай түс болады. Егер өңірде бірыңғай келісім болмаса, онда бірыңғай түсті таңдау туралы шешім қабылданбайды", - деді Жомарт Қарамбаев.

Оның айтуынша, екінші жыл қатарынан Нұр-Сұлтан мектептерінде формаға қатысты бірыңғай түс қолданылып келеді. Мұндай шешім ата-аналар қауымдастығымен талқылаудан кейін қабылданды.

Мектепке дейінгі және орта білім комитеті төрағасының орынбасары мектеп формасына қандай өзгеріс енгізілуі мүмкін екенін түсіндірді. Қыздарда белдемше, жейде, кардиган, куртка, қысқы уақытта – сарафан, водолазка, трикотажды көкірекше болуы мүмкін. Ұлдарда куртка, көкірекше, көйлек пен шалбар болуы мүмкін. Олар ұзындығы тобықты жабатындай болады. Қыста – трикотажды көкірекше, водолазка. Спорттық формаға келетін болсақ, жалғыз талап – ыңғайлылық.

Спикердің айтуынша, кейбір мектепте бірыңғай спорт формасын енгізу тәжірибесі бар.

"Мектеп әкімшілігі де, мектеп директоры да, аймақтық білім басқармасы немесе аудандық білім бөлімі де нақты бір жеткізушіден мектеп формасын алуға мәжбүрлеуге құқылы емес. Ата-аналар кез келген жеткізушіні таңдауға ерікті", - деп түйіндеді Жомарт Қарамбаев.

 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр