Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстан өлім жазасын алып тастау туралы халықаралық құжатқа қосылды

Қазақстанның Нью-Йорктегі БҰҰ жанындағы тұрақты өкілі Мағжан Ілиясов азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пактіге өлім жазасын жоюға бағытталған Екінші факультативтік хаттаманы ратификациялау туралы құжатты БҰҰ депозитарийіне сақтауға тапсырды. Бұл жөнінде Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

мид рк

Қазақстанның атлған халықаралық құжатқа қосылуының алғашқы қадамы 2020 жылғы 23 қыркүйекте Нью-Йоркте оған қол қоюынан басталған. 2021 жылғы 2 қаңтарда Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев осы құжатты ратификациялау туралы заңға қол қойды.

Хаттаманың ережелеріне сәйкес еліміздің ұлттық қылмыстық заңнамасын осы құжаттың нормаларына сәйкестендіру талап етілген.

Тоқаев 2021 жылғы 29 желтоқсанда "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өлім жазасын жою мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заңға қол қойды.



Осылайша, Екінші Факультативтік хаттамаға қосылу Қазақстанда өлім жазасын толығымен алып тастауды қамтамасыз етті және қылмыстық заңнаманы жалпы ізгілендіру бағытын жалғастырды.

Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың 2003 жылғы 17 желтоқсандағы тиісті мораторий енгізу туралы жарлығымен Қазақстанда өлім жазасын қолдану тоқтатылған еді.

2022 жылғы 16 наурызда Қасым-Жомарт Тоқаев "Жаңа Қазақстан: жаңару және жаңғыру жолы" атты Қазақстан халқына Жолдауында "өлім жазасын жою туралы шешімді түпкілікті бекіту үшін Конституцияға тиісті өзгерістер енгізу қажет" екенін айтты.

Талқылау