Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Сауд Арабиясында бір күнде 81 адам өлім жазасына кесілді

Сауд Арабиясында онжылдық ішінде ең үлкен жаппай өлім жазасы өткізілді. Жазаны өткізу барысында 81 адамның басы алынған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Өлім жазасына кесілгендер әртүрлі қылмыстар, соның ішінде кісі өлтіру, "Аль-Каида" және "Ислам мемлекеті" террористік ұйымдарына, сондай-ақ Ансар Алла қозғалысының хуситтеріне, йемендік көтерілісшілеріне көмектескені үшін сотталған.

12 наурызда өлтірілген қылмыскерлердің саны осыған дейінгі жаппай өлім жазасынан асып түсті: билік 1979 жылы Меккедегі ең үлкен мешітті кепілге алған 63 содырды өлтірген еді. Пандемия салдарынан өлім жазасына кесу санының азаюы байқалған болатын, алайда билік мұндай жазадан толық бас тартпаған. 

2022 жылдың қаңтарында Сауд Арабиясының билігі ханшайым Басма бинт Сауд пен оның қызы Сухуд аш-Шарифті қамауда үш жыл отырғаннан кейін түрмеден шығарды. Ханшайым 2019 жылы Швейцарияға емделуге барғаны үшін ұсталған. Басма –  Арабиясының королі Сауд бен Абдель Азиздің кіші қызы. Ол қазір ажырасқан, бес баласы бар. Соңғы жылдары Басма бизнеспен айналысып, құқық қорғау ұйымдарының қызметіне белсенді қатысқан. Соның ішінде әйелдер құқығын қорғауға атсалысуда.

Талқылау