Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда өлім жазасы ресми түрде алынып тасталды

БҰҰ-ның штаб-пәтерінде Қазақстанның БҰҰ-дағы тұрақты өкілі Қайрат Омаров өлім жазасын алып тастауға бағытталған "Азаматтық және саяси құқықтар" туралы халықаралық екінші факультативті хаттамаға қол қойды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Өлім жазасын алып тастау туралы халықаралық хаттамаға қосылу туралы шешімді Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев БҰҰ бас ассамблеясының 75 жылдық мерейтойлық сессиясының жалпы саяси дебатында сөйлеген сөзінде жариялады", - деп хабарлады сыртқы істер министрлігі.

Мемлекет басшысы елімізде адам құқығына ерекше мән берілетіндіктен, осындай шешім қабылданғанын айтқан.

2019 жылдың желтоқсанында Тоқаев елдегі саяси реформаларды жүзеге асыру шеңберінде сыртқы істер министрлігіне "Азаматтық және саяси құқықтар" туралы халықаралық екінші факультативті хаттамасына қосылу процедурасын бастауды тапсырды.

Еске сала кетейік, бұған дейін өлім жазасына 2003 жылы Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев мораторий енгізген болатын. Ал 2014 жылы өлім жазасына кесудің орнына өмір бақи бас бостандығынан айыру жазасы ұсынылған.


Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр