Қазақстанда мұғалімдердің біліктілігін арттыру мерзімі бес жылдан үш жылда бір ретке қысқарды
Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов педагогтердің біліктілігін арттыру мерзімін 5 жылда бір реттен 3 жылда бір ретке өзгертілгенін айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Аймағамбетов, былтырғы жолдауда президенттің педагогтердің біліктілігін арттыру мерзімін 5 жылда бір реттен 3 жылда бір ретке дейін өзгерту тапсырмасы бергенін еске салды.
“Тиісті заң қабылданды. Енді бюджет қаражаты есебінен біліктілікті арттыру 3 жылда бір рет өткізіледі. Биылғы 1 тамыздан бастап мұғалімдерді оқыту басталды. 18 қарашаға дейін 48 500 мұғалім біліктілігін арттырады. Пән мұғалімдеріне арналған курстар, балалардың ойын әрекеті мен үйлесімді дамуына бағытталған мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу бойынша білім беру бағдарламалары дайындалды”, – деп жазды ол Telegram арнасында.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын оқу-ағарту министрі мектепте 30 жыл жұмыс істеген мұғалімдер аттестацияның тестінен босатылатылатынын мәлімдеген еді.
Ресейлік IT-мамандарға қазақ тілінен емтихан тапсырмай-ақ ықтиярхат беріледі – Astana Hub себебін түсіндірді
Astana Hub: "Бағдарлама шарттарында қазақ тілін білу деңгейін анықтайтын емтихан тапсыру көзделмеген"
Бөтен тойға кіріп, тамақтанып кеткен: Шақыртусыз қонақтар қазақстандықтардың ашуына тиді
Шақырусыз адамдардың тек тойға емес, қаралы асқа да келетінін айтқандар болды