Қазақстан мен Өзбекстан 2034 жылы өтетін футболдан әлем чемпионатын бірлесіп өткізуге ниетті
Қазақстан мен Өзбекстан 2034 жылға жоспарланған футболдан әлем чемпионатын бірлесіп өткізу мүмкіндігін қарастыруда. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Бұл мәлімдеме Қырғызстанда өткен Орталық Азиядағы түркітілдес елдердің футбол қауымдастықтары шенеуніктерінің саммиті барысында жасалды, оған екі федерацияның өкілдері қатысты.
Турнирді бірлесіп өткізу идеясын Қазақстан футбол федерациясының басшысы Әділет Барменқұлов айтқан.
Соңғы жылдары Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы достық қарым-қатынас, оның ішінде екі елдің ұлттық құрамалары мен клубтары арасындағы жолдастық матчтарды ұйымдастырудың арқасында айтарлықтай нығайды деп айтылады.
2034 жылғы әлем чемпионатын өткізуге Сауд Арабиясы мен Қытай да ниетті.
"Жоғары жалақы, тегін үй мен тамақ, соңғы үлгідегі MacBook": Италиядағы халықаралық мектепте сабақ беретін қазақстандық ұстаздық жұмысы жайлы айтты
Нұржігіт: "Ата-аналар чаты жоқ, олар ұстазбен сөйлескісі келсе, арнайы қабылдауына жазылады"
"Ауырып қалса, біз жауаптымыз": Қазақстандық мұғалімдер оқушылардың ауыз бекітуіне қарсы шықты
Ал педиатр оқушының ағзасы дамып жатқан ағза, оған су, ақуыз, көмірсу мен май жеткілікті болуы керек дейді