Қазақстан мен Қытай шекарасындағы өткізу пункттері төрт күнге жабылады
ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметі Қазақстан мен Қытай шекарасындағы өткізу пункттерінің төрт күнге жабылатынын жеткізді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Сурет gov.kz-тен алынды
Шекарадағы өткізу пунктерінің жабылуына мерекелік демалыс себеп болған.
“Қытай Халық Республикасында 29 қыркүйектен бастап, 1 қазан мен 3 қазан аралығындағы мереке күндеріне байланысты Қазақстан-Қытай шекарасындағы автомобиль өткізу бекеттерінде адамдарды, көлік құралдарын және жүктерді өткізу жүзеге асырылмайды", - делінген хабарламада.
Бұл ретте Қазақстан-Қытай шекарасындағы теміржол бекеттері әдеттегідей жұмысын жалғастырады.
Шымкентте әйелін аяусыз соққыға жыққан ер адам тек 25 күнге қамалды
Шымкентте әйелін соққыға жыққан ер адам 25 күнге сотталды
"Ауруханаға өз аяғымен кіріп, табытпен шықты": Қызылордалық ер адам анасының өліміне дәрігерлерді айыптады
Іс бойынша реаниматолог, нейрохирург, кардиолог және учаскелік дәрігердің әрекеттеріне қатысты күдік бар