Қазақстан мен Қытай БҰҰ-да Украинадан әскердің шығарылуына қатысты резолюцияға дауыс бермуден бас тартты
Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас ассамблеясы әлеуметтік сессия аясында Ресейдің Украинадағы операциясына қатысты резолюция қабылдады. Резолюцияның қабылдануын 141 мемлекет қостаған. Алайда Қазақстан мен Қытай дауыс беруден бас тартқан, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Резолюцияда ұйымдағы мемлекеттердің Мәскеуден Украина аумағындағы әскерін шығаруды және "күш көрсетуді" тоқтатуды талап еткені көрсетілген. Алайда құжаттың ешқандай заңдық күші жоқ.
Құжаттың қабылдануын 141 мемлекет қолдаған. Ал 5 мемлекет, Ресей, Беларусь, Сирия, Солтүстік Корея мен Эритрея қарсылықтарын білдірген. 35 мемлекет дауыс беруден бас тартқан. Олардың қатарында Қазақстан, Қытай, Үндістан, Пәкістан мен Куба және т.б. елдер бар.
Бұған дейін Ресей сыртқы істер министрі Ресейдің БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінен шығарылуына қатысты пікір білдіріп, мұндай механизмнің жоқ екенін айтқан.
2025 жылы болған басты саяси оқиғаларға шолу: Қазақстанда не өзгерді
Қазақстанның ішкі және сыртқы саясатына тоқталдық
Желіде қазақстандықтарға төсбелгілер 350 мың теңгеден сатылып жатқаны туралы ақпарат тарады
“Намыс” және “Батыр Шапағаты” төсбелгілерінің эскиздерін әзірлеген Бақытбек Смағұл төсбелгілерді алаяқтар сатып жүр дейді