Қазақстан Мальдивке тұрақты рейстерді қайта ашады
4 қазаннан бастап "Эйр Астана" әуе компаниясы Алматы-Мале бағытында төрт тұрақты рейс ашады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, рейстер Б767 және А321LR әуе кемелерімен орындалады.
"Бұл бағыттағы ұшулар санын арттыру эпидемиологиялық жағдайға және ел аумағында коронавирустық инфекцияның пайда болуы мен таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның шешімдеріне байланысты қабылданады", – делінген хабарламада.
Рейстер әуе компаниясының сайтында жарияланған кестеге сәйкес орындалады.
Айта кетсек, 17 қыркүйектен бастап Қазақстаннан Түркияға ұшатын әуе рейстерінің саны артады.
Талқылау

Астана әкімдігі сенбілікте пластик жинағандарға қағаз салфетка таратқан: Экологтар бұның үлкен қате екенін айтып, дабыл қақты
Пластик орнына бір рет қана қолданылатын қағаз салфетка беру логикаға сыймайды дейді олар

"Ет, құрт, қазы, музыкалық аспап алып кіре алмайды": Қазақстандықтар ұшаққа отырарда нені ескеруі тиіс
Әуежайда затыңызды өткізбей тастамас үшін мынадай ережелерді білген жөн