Қазақстан Қырғызстанға 100 миллион доллар көмек қаржы бөлмек
Қазақстан Қырғызстанға техникалық көмек ретінде 100 миллион доллар бөледі. Қырғызстан вице-премьері Олег Панкратовтың айтуынша, бұл туралы келісімге Санкт-Петербургте қол қойылған.

Бұл туралы Азаттық хабарлайды.
Оның сөзіне қарағанда, көмек көрсету туралы келісім бұрын-ақ жасалғанымен, енді ғана қол қойылған.
Бөлінген қаржы бақылау-өткізу пунктеріндегі жағдайды жақсартуға және Еуразия экономикалық одағының (ЕАЭО) нормаларына сай зертханалармен қамтамасыз етуге жұмсалады.
26 желтоқсанда Санкт-Петербургте Жоғарғы Еуразия экономикалық кеңесінің жиыны өтіп, онда ЕАЭО-ға мүше елдер одақтың кеден кодексіне қол қойған. Жоспар бойынша, кодекс 2017 жылдың 1 шілдесінен күшіне енеді.
Жіберіп алмаңыз:
Мұхтар Тінікеев барша қазақстандықтардан кешірім сұрап өз еркімен қызметінен кетті
Шенеуніктер қымбат жаңажылдық сыйлық алғаны үшін жауапқа тартылады
Қазақстандық әйел ұлын 380 мың теңгелік "Жаңа Ұрпақ" лагерінде ұрып тастағанын айтты
Лагерьден кейін ұлының психологиясына айтарлықтай әсер еткен
Алматыда каннибалдар жеті әйелді өлтіріп, олардың етінен тұшпара жасаған
Құрбандардың басым бөлігі Саин мен Сейфуллин көшелерінде клиент іздеген секс-қызметкерлері еді.