Қазақстан құрамасының қоржынына тағы бір олимпиада жолдамасы түсті
Қазақстандық марафоншы Жанна Мамажанова Нидерландыда өткен додада олимпиада лицензиясын жеңіп алды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: Олимпиада комитеті
Марафоншы Жанна Мамажанова Нидерландының Роттердам қаласында өткен халықарлық турнирде үздік нәтиже көрсетіп, Париж олимпиадасына жолдама жеңіп алды. Ол межелі қашықтықты 2:26.42 уақыт көрсеткішінде жүгіріп өтіп, Олимпиада нормативін орындады. Бұған дейін оның халықаралық турнирдегі көрсеткіші 2:26.54 болған. Марафоншы өз рекордын жаңартты.
Айта кетейік, осы уақытқа дейін Қазақстан құрамасының қоржынына 31 жолдама түскен еді. Осы аптаның аяғында балуандар Бішкекте лицензиялық турнирде бақ сынайды.
Астанада параспортшылар федерация басшысына жалақысының бір бөлігін беруге мәжбүр болғанын айтты
Федерация басшысына "Алаяқтық" бабымен іс қозғалған
Қаскелеңде автобус қағып кеткен студенттің ісі жабылып қалған: Анасы қызының ауыр жарақат алғанын айтады
СДУ алдында автобус қызды қағып кеткен, алайда полиция істі көп ұзамай жауып тастаған

