Қазақстан құрамасы теннистен Аустралиядағы турнирдің ширек финалына шықты
Теннистен Қазақстан құрамасы Аустралияда өтіп жатқан United Cup турнирінің ширек финалына жолдама алды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: ҰОК
Теннистен Қазақстанның құрамасы Аустралияда өтіп жатқан аралас командалар арасындағы United Cup турнирінің ширек финалына бірінші орынмен шықты. С тобына түскен қазақстандық теннисшілер бірінші кездесуде Испанияны 2:1 есебімен жеңсе, екінші матчта Грекия құрамасына қарсы ойнап, Александр Шевченко әлемнің 11-ракеткасы Стефанос Циципасты 6:4, 7:6 есебімен жеңді. Кейіннен Елена Рыбакина Мария Саккариді 6:4, 6:3 есебімен ұтып, Қазақстанды мерзімінен бұрын ширек финалға шығарды. Грекияға қарсы матчтағы үшінші ойын турнирлік маңызға ие болмайды.
Айта кетейік, Қазақстан құрамасы плей-офф кезеңіне бірінші орынмен шығып отыр. Плей-офтағы қарсыласымыз кейінірек белгілі болады.
Қазақстандық оқушыны спорттық аяқ киіммен барғаны үшін мектепке кіргізбей қойған
Анасы: "Жолда оған бірдеңе болып қалса ше? "
Алматы облысында ер адамды мопед қағып, көз жұмды: Туыстары іс қозғалмай жатқанына наразы
Алматы облысында ер адамды мопедпен қағып өлтірген жасөспірімге ешқандай іс қозғалмайды

