Қазақстан құрамасы мәнерлеп жүзуден тарихи жеңіске қол жеткізді
Қатар астанасы Дохада өтіп жатқан су спорты түрлерінен әлем чемпионатында Қазақстан тарихи алтын медаль жеңіп алды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Ұлттық олимпиада комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Фото: Ұлттық олимпиада комитеті
Мәнерлеп жүзуден аралас жұптық сында өнер көрсеткен Эдуард Ким мен Наргиза Болатова әлем чемпионы атанды. Олар 228.0050 ұпай жинады.
Күміс медальді Қытай құрамасы, қоланы Мексика командасы олжалаған.
Қазақстан тарихында су спорты түрлерінен әлем чемпионатының алтын медалі болмағанын айта кетейік.
Бұған дейін Эдуард Ким жекелей сында қола жүлде жеңіп алған еді.
"Жұмыстан шығаруға негіз емес: Астанада туристің видеосынан кейін жұмыстан қуылған полицейлерге қатысты заңгерлер пікір білдірді
Блогермен бірге әзілдесіп, видеоға түсуі қызметтік этика тұрғысынан дұрыс болмаған дейді заңгер
Қазақстандық Америка шөлінің қақ ортасында қалай киіз үй тігіп, 5 мың адамға ет асты
Жобаны Tengri Camp командасы ұйымдастырды

