Қазақстан құрамасы хоккейден Алматыда өтіп жатқан тарихи Азия чемпионатының алғашқы матчында жеңіліс тапты
Шайбалы хоккейден Қазақстан құрамасы Алматыда өтіп жатқан Азия чемпионатындағы алғашқы матчында ірі есеппен жеңілді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: ҚХФ
Тарихта тұңғыш рет хоккейден Азия чемпионаты Алматыдағы Halyk Arena стадионында өтіп жатыр. Қазақстан ұлттық құрамасы Оңтүстік Кореямен кездесу өткізіп, 1:4 есебімен жеңіліс тапты. Сондай-ақ бұл турнирде бақ сынап жатқан Жапония мен Қытай құрамалары өзара мықтыны анықтап, нәтижесінде Жапония құрамасы 4:1 есебімен жеңіске жетті. Бұл турнирде жеңімпаз айналмалы жүйе бойынша өтіп, турнирлік кесте нәтижелері арқылы белгілі болмақ. Аталған біріншілікте ұлттық құрама қатысушысы барлық командамен шеберлік байқасып, өзара мықтыны анықтайды.
Айта кетейік, Азия чемпионаты 6-9 қараша аралығында Алматыдағы Halyk Arena-да өтеді. Оған Қазақстан, Жапония, Оңтүстік Корея және Қытай құрамалары қатысады.
Баланы бұрышқа тұрғызу тәрбие ме, әлде психологиялық зорлық па
Тәрбиеші: Баланың әрқайсысының мінезі әртүрлі болғандықтан, олардың арасындағы жанжал мен төбелестің алдын алу оңай емес
Әйелімнен таяқ жедім деген қазақстандық ер адам әділдік іздеп жүр
Ержанның айтуынша, қызы есейген соң анасының жағына шығып, екеуі бірге өзіне қол көтеретін болған

