Қазақстан коронавирус бойынша "сары" аймаққа өтті
Қазақстан коронавирустың таралуы бойынша "сары" аймаққа өтті. Бұл туралы Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасының деректері куәландырады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

25 желтоқсандағы жағдай бойынша Атырау облысы "қызыл" аймақта орналасқан. "Сары" аймақта - Алматы, Нұр-Cұлтан, Қостанай, Ақмола, Солтүстік Қазақстан және Павлодар облыстары бар. Коронавирустың таралу қарқыны бойынша елдің басқа өңірлері "жасыл" аймақта орналасқан.
Айта кетейік, бүгінгі күнге дейін Қазақстан "жасыл" аймақта болды.
Қазақстанда өткен тәулікте 736 адамда коронавирус анықталды. Жалпы елде 150 198 жағдай расталды.
"Роллтонның" орнына бешбармақ: Атырау тұрғыны ұлттық тағамды 5 минутта дайындау жолын тапты
Кәсіпкер үшін бешбармақ – тек тез дайындалатын тағам емес
1 миллион теңге айлық, пәтер мен қызметтік көлік: Мемлекет Құрылтай депутаттарына қандай жағдай жасайды
Құрылтай мен бұрынғы Парламент арасында қандай айырмашылық бар