Қазақстан Конституциясындағы жерге қатысты заңға өзгертулер енгізіледі
Қасым-Жомарт Тоқаев Конституцияда жерге қатысты заңға өзгерістер енгізілетінін айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Мемлекет басшысы қоғам мен мемлекет үшін аса маңызды саналатын Жерге иелік ету мәселесін шешу қажеттігіне арнайы тоқталды.
“Жердің және табиғи ресурстардың иесі халық деген норманы Конституцияда біржола бекітудің саяси мәні зор болмақ және болашақта бұл мәселені әртүрлі түсіндіруге жол берілмеуі керек. Осыған байланысты, Негізгі заңның 6-бабын мынадай редакцияда беру ұсынылады: "Жер және оның қойнауы, су, өсімдіктер және жануарлар әлемі, басқа да табиғи ресурстар халыққа тиесілі. Мемлекет халық атынан меншік иелігін жүргізуге құқылы", – деді президент.
Қазақстанға 12 жылдық мектеп керек пе: Назарбаев зияткерлік мектептеріндегі оқу мерзімі қысқарса, не өзгереді
Мектептегі қосымша бір жылға қатысты қоғам пікірі екіге бөлінді
Елтаңба тауып алғаны, өз ақшасына алаң салғаны үшін: Қазақстанда талқыға түскен айыппұлдар
Қайсысы әділ, қайсысы шектен шыққан шешім болды