Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар
Басты жаңалықтар

"Қазақстан" қонақүйінің иелері Қазақстан даму банкі қаржысына Алматыдан тағы екі қонақүй салуға ниет білдірген

Фото: freepik.com

Қасановтар отбасы Алматыда екі бірдей қонақүй салуға ниетті, олар жобаларды қаржыландыру үшін Қазақстан даму банкінен ақша сұрап отыр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Банк сайтындағы “Қараудағы жобалар” бөлімінде екі өтінім көрсетілген. Соның бірі  KIG Stroy компаниясынан түскен, оның ақырғы бенефициары – Мұрат Қасанов. Ол Алматыда мейрамханасы мен фитнес орталығы бар Meliora by Vignette Collection қонақ үйін салуға ниетті. Қазір компания іріктеудің үшінші кезеңі – “Банк сараптамасына” құжат жинап жатыр. 

Скриншот: kdb.kz

Екінші өтінімді Хакан Қасановқа тиесілі Trade Market 1 компаниясы берген. Кәсіпкер Алматыда Hilton қонақүйін салуды жоспарлап отыр. Жобаны Қазақстан даму банкі мақұлдап қойған.

Скриншот: kdb.kz

Мұрат пен Хакан Қасановтар – ағайынды Зиятдин мен Үсейін Қасановтардың ұлдары. 2019 жылы Forbes оларды танымал девелоперлер ретінде жазды. Басылым мәліметінше, олардың меншігінде Алматыдағы әйгілі "Қазақстан" қонақ үйі, Ambassador Hotel Almaty, Premier Alatau бизнес орталығы мен қонақ үйі, Atrium және “Арена” сауда орталықтары, Стамбулдағы бес жұлдызды Intercontinental Istanbul қонақ үйі бар. Ағайындылар 2019 жылы Forbes журналының Қазақстанның ең бай бизнесмендері тізімінде 140 миллион доллар байлығымен 38-орынды иеленген.

Зиятдин Қасанов бұған дейін Алматы қаласы мәслихатының депутаты болған және Ахыска түріктерінің дүниежүзілік DATÜB одағын басқарады. Үсейін Қасанов Алматы облыстық мәслихатының депутаты қызметін атқарған.

Айнұр Мұхади
Дүйсенбі, 28 Сәуір, 2025 13:08
Талқылау