Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстан көкпаршылары ресейліктерді ойсырата жеңді

Астанада өтіп жатқан көкпардан әлем чемпионатында Қазақстан көкпаршылары ресейлік команданы 15:3 есебімен жеңді.

3051099

Фото: Болат Шайхинов

Бұл туралы Sputnik Қазақстан хабарлайды.

Қазақстан көкпаршылары ойынның алғашқы минутынан басымдық танытып, алаңды билеп-төстеді.

“Біздің ресейлік қарсыластарымыз жаңа үйреніп жатыр. Сондықтан қиын болған жоқ. Біздің ең мықты қарсыластарымыз – бұл қырғыздар. Олардың аттары мықты, бірақ біздің аттар одан да мықты. Ойын бәрін көрсетеді”, — команда капитаны Бақтыбай Шырынқұлов.

Сондай-ақ көкпаршы жарыстың өз жерімізде өтуі, жанкүйерлердің қолдауы ойын барысында көмектесетінін атап өтті.

Сонымен, чемпионаттың үш күнінің қорытындысы бойынша Қазақстан командасы барлық жарыста жеңіске жетті. Бұған дейін қазақ көкпаршылары Ауғанстан командасынан 9:2 есебімен басым түсті, ал Әзербайжан командасы чемпионатқа келмегендіктен жеңіс Қазақстанға берілді.

Айта кетейік, Астанада көкпардан әлем чемпионаты тамыздың 20-28 аралығында өтеді. Жарысқа 11 елден 200-ге жуық спортшы келді. Жалпы жүлде қоры 18 миллион теңге.

Оқи отырыңыз:

Головкинді қартайды дегендерге бапкері жауап берді

Жарыста жаттықтырушысын жер қылған теннисші кешірім сұрады

“Астана” өз алаңында “Селтикті” ірі есеппен жеңді

Қазақ балуаны күрестен әлем чемпионатында күміс жүлдегер атанды

Талқылау