Қазақстан-Қытай шекарасында жаңа теміржол бекеті пайда болмақ
Үкімет пен Қытай үкіметі арасындағы Қазақстан-Қытай мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттері және олардың жұмыс режимі туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттамаға қол қою туралы қаулы шықты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Жаңа теміржол көпжақты (халықаралық) жүк өткізу пункттері ашылады:
- Абай облысы, Үржар ауданындағы Бақты (Қазақстан);
- Тачен ауданы, Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданы (Қытай).
Жоба Қазақстан мен Қытай арасындағы жүктерді теміржол көлігімен тасымалдау саласындағы қарым-қатынастарды одан әрі дамыту, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағы арқылы жүктерді транзиттік тасымалдауды арттыру мақсатында әзірленген.
"Жобаның қабылдануы екі ел арасындағы трансшекаралық теміржол көлігінің тиімділігін арттырады және екі елдің транзиттік және көлік әлеуетін ашады", – делінген түсіндірме хатта.
Құжат 30 қаңтарға дейін қоғамдық талқылау үшін "Ашық НҚА" сайтында орналастырылған.
"Тапсырыс жоқ, қарыз көбейді": Қазақстандық кәсіпкердің жаңа салық реформасының кесірінен бизнесі шығынға батқан
Эмин Аскеров: "Қызметкерлердің тағы 10%-ын толық емес жұмыс күніне ауыстырдық"
Қазақстанда тұрақты тұруға өтініш берген шетелдіктер қазақ тілінен тест тапсырады: Оларға қандай сұрақтар қойылады?
Тест онлайн форматта ҚАЗТЕСТ жүйесі арқылы өткізіледі