AAPL
149.64 $
4.08 %
TSLA
759.63 $
7.33 %
NDAQ
155.64 $
3.12 %
GOOGL
2246.33 $
4.2 %
FRHC
42.55 $
3.15 %
AAPL
149.64 $
4.08 %
TSLA
759.63 $
7.33 %
NDAQ
155.64 $
3.12 %
GOOGL
2246.33 $
4.2 %
FRHC
42.55 $
3.15 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстан Илон Масктың спутниктері арқылы шалғай аймақтарға ғаламтор жүргізбекші

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Асхат Оразбек Қазақстанда ғаламтор сапасы төмен аймақтарды атап, мәселені шешу жолын ұсынды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

старлинк

"Ең нашар интернет – Шығыс Қазақстан және Қарағанды облыстарында. Қарағанды облысында Қазақ ұсақ шоқылары бар, олар Ақтөбе облысын да қамтиды. Ғаламтор жүргізу қиынға соғады, себебі жер қыртысы күрделі. Шығыс Қазақстан облысында да дәл солай. Бірақ ол жақта таулар, өздеріңіз де түсінесіздер", –  деді Асхат Оразбек. 



Оның сөзінше, бұл аймақтардағы шалғай ауылдарға ғаламтор геостационарлық емес спутник желісі арқылы тартылады.

"Білесіздер, қазір OneWeb, Starlink спутниктері бар. Бұлар заманауи және керемет құрылғылар. Сондай-ақ бізге аса қажет. Бұл спутниктер шалғай аудандарға сапалы ғаламтор жүргізуге мүмкіндік береді",  – деп мәлімдеді Оразбек. 

Айта кетейік, бұған дейін Асхат Оразбек Ресейдің жаһандық интернеттен ажыратылуы Қазақстанға қалай әсер ететіні туралы айтқан еді. 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр