Қазақстан халқының саны 19 миллионға жуықтады
Қазақстан халқының саны 19 миллионға таяды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі ҚР ұлттық экономика министрлігінің статистика комитетіне сілтеме жасап.

2020 жылғы 1 ақпанға еліміздегі халық саны 18653,5 мың адамды құрады, оның ішінде қалалықтар – 10914,8 мың (58,5%), ауылдықтар – 7738,7 мың адамды (41,5%) құрады.
2019 жылғы 1 ақпанмен салыстырғанда халық саны 238 мың адамға немесе 1,3% өсті. Қарастырылып отырған кезеңде ең көп жалпы өсімі еліміздің 3 өңірінде: Алматы қаласы (64 мың адам), Нұр-Сұлтан қаласы (58,4 мың адам) және Түркістан облысында (33,3 мың адам) қалыптасты.

Түркістан облысында әскерге кеткен сарбаз мүгедек болып оралды
Жігіттің туғаннан жамбасында ұршық болмағанына қарамастан, әскерге баруға жарамды деп тапқан
Алма-Арасан тау бөктеріндегі жабық аумақ: Алма бағының ортасында кімдер коттедж салып жатыр?
Алма бақтарының арасында соңғы жылдары бірнеше ірі коттедж пайда болған