Қазақстан футбол құрамасының бапкері Черчесов қазақ тілінде жазба жариялады
Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының бапкері Станислав Черчесов желідегі парақшасында қазақ тілінде жазба жариялады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: Global Look Press
Черчесов Instagram парақшасында Қазақстан құрамасының шабуылшысы Абат Айымбетовты “Адана Демирспор” футбол клубының қатарында соққан үшінші голымен құттықтады.
“Ойыншыларымыздың еуропалық чемпионаттардағы жетістіктерін ұдайы бақылап отырам. Кеше шабуылшы Абат Айымбет Түркиядағы чемпионатта "Адана Демирспор" үшін гол салды. Бұл оның үшінші матчтағы үшінші голы. Міне бүгін Абатқа қоңырау соғып, жетістігімен құттықтадым. Осы қарқынды төмендетпеуіне тілектестік білдірдім. Ол дарынды жігіт, болашағы алда. Жарайсың, бауырым!”, – делінген жазбада.
-
Футболдан Қазақстан құрамасының бапкері Черчесов өзіне қазақша сұрақ қойылғанына шағымданды
Айта кетейік, бұған дейін Черчесов өзіне қазақ тілінде сұрақ қойған журналисті келемеждегені үшін даудың ортасында қалып, осы әрекеті үшін айыппұл арқалаған еді.
Еске салсақ, бұған дейін БАҚ-та Қазақстан футбол федерациясының жаңа президенті Марат Омаров жаттықтырушы Станислав Черчесов қызметінен босатқаны туралы ақпарат тараған еді. Алайда кейінірек футбол федерациясы мәлімдеме жасап, Черчесов бас бапкер қызметінен кетеді деген ақпараттың жалған екенін мәлімдеді.