Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанның дәріханаларында дәрі-дәрмек қашан қолжетімді болады: Министр жауап берді

Қазақстанның денсаулық сақтау министрі Алексей Цой дәрі-дәрмектер дәріханаларда қашан пайда болатыны туралы айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Соңғы уақытта елімізде дәрі-дәрмек тапшылығы кең етек алуда. Халық дәріханаларға кезекке тұрып, қажетті препараттарына қол жеткізе алмай жатыр. Осы мәселеге қатысты министр жауап берді. Оның сөзінше, жақын арада халық толығымен дәрі-дәрмекпен қамтамассыз етіледі.


"Қоймалардан дәрі-дәрмектер жеңілдетілген түрде көтерме сауда компанияларына келеді. Болашақта олар дәрі-дәрмек сататын бөлшек сауда орындарына тікелей сатылатын болады. Кедергілерді жойдық. Қысқа мерзімде дәрі-дәрмектер нарыққа шығады", - деді Алексей Цой ОКҚ брифингінде.

Ол министрлік дәрі-дәрмектің бағасын да қадағалайтынын атап өтті. Әр облыста әкімдіктер жанынан арнайы топтар құрылды, олар дәрі-дәрмектердің белгіленген баға шегінде сатылуын қамтамасыз етеді.

"6 шілдеден бері полицияға 46 адам жеткізілді. Олардан дәрі-дәрмектің түр-түрінің 20884 қаптамасы, нақтырақ айтқанда 2600 қаптамадан глюкоза мен ферсинол, 2200 қаптама ацетилсалицил қышқылы, 654 қаптама парацетамол тәркіленді. Яғни пайда табу мақсатындағы саудалау жағдайы тіркелуде. Осылардың бәрі де нарықта дүрбелең туғызуда", - деді Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр