Қазақстан COVID-19-ға қарсы вакцинацияға 95 миллиард теңге жұмсаған
Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Қазақстанның ағымдағы жылы коронавирусқа қарсы вакциналарды сатып алуға жұмсалған ақшаның мөлшерін айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
"Вакциналар құны бойынша біздің жеткізушілерімізге құпиялылық келісімшарттарына қол қойылғанын ескере отырып, жалпы сомманы жариялауға рұқсат беру туралы өтініш бердік. Жалпы вакцинаның құны бойынша айта аламын. Биыл иммундау бойынша 95,3 миллиард теңге, 10 миллион 890 мың адамға вакцина сатып алуға жұмсалды", – деді министр ОКҚ брифингінде.
Сонымен бірге денсаулық сақтау министрлігінің басшысы барлық сандар мен бағалар зауыттардың ресми бағалары деп сендірді.
"Жалпы бізде вакциналардың бірнеше түріне келісімшарттарға қол қойылды. "Спутник V" бойынша бізден 14,2 миллион доза, Hayat-Vax бойынша – 1 миллион, QazVac бойынша – 2,97 миллион доза, Sinovac бойынша – 500 мың доза сатып алынды. Қазір Sinopharm 4 миллион дозасын жеткізу күтілуде", – деді Цой.