Қазақстан таксопарктерін жүргізушілер үшін зейнетақы мен әлеуметтік аударымдар жасауға міндеттейді
Қазақстан билігі "Яндекс.Такси"-дің зейнетақы аударымдарына қатысты тәжірибесін зерттеуде. Бұл туралы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова сенат кулуарында айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Кореяда мұндай бағдарлама жасақталуда, Қытайда да дәл сондай бар. Еуропада бастап кетті. Қазіргі кезде біз де олармен кездесіп, сөйлесіп, қарастыра бастадық. Бір шешімге келген соң, қосымша айтатын боламыз", - деді еліміздің еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова сенат кулуарында.
Оның сөзіне сенсек, жалпы бұл іске асырылатын жұмыс.
"Өйткені әрбір жұмыс істейтін адам, оның ішінде такси жүргізушісі болсын, кез келген уақытта жұмыссыз қалуы мүмкін", - деді министр.
"Дәрінің құны 1,5 миллиард теңге": Бұлшықеті әлсіз қазақстандық бүлдіршінге денсаулық сақтау министрлігі көмек көрсетуден бас тартқан
Дәрігерлер қателесіп, 4 ай бойы баланы бауыр фиброзынан емдеген
Қазақстан әйелдерінің үйдегі тегін еңбегінің құны қанша: Есептеп көрдік
Оқырман: "Әйелдер де күнделікті тұрмыстан шаршайды, кейде демалып алғысы келеді"