Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстан азаматтығын алғысы келетіндер тіл мен тарихтан сынақ тапсыруы керек – Мұхтар Тайжан 

Танымал қоғам белсендісі Мұхтар Тайжан Қазақстан азаматтығын алғысы келетіндер тіл мен тарихтан сынақ тапсырсын деген ұсыныс білдірді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

"Әлемдік тәжірибеге сүйенетін болсақ, қандай да бір елдің азаматтығын алу үшін адамдар ең кемі 5 жыл тұруы керек, сол елдің тілі мен тарихы бойынша сынақ тапсыруы керек. Яғни, осы елге ниеттестігін білдіруі керек және ел ішінде заңбұзушылықтар жасамауы керек", - деді Мұхтар Тайжан Мәжілісте өткен заң жобасын талқылау барысында. 

Одан бөлек, қоғам белсендісі көпшілікті толғандырған жер мәселесін де көтерді. 

"Жер туралы заңда былай жазуды ұсынамын. Жер ҚР резиденттеріне, яғни жеке тұлғалар мен заңды тұлғаларға беріледі. Құрылтайшылар мен қатысушылар құрамында да жеке тұлғалар ҚР азаматтары болуы керек. Бұл ұсынысты айтқан себебім, кез келген нотариус қандай да бір ЖШС құрамындағы жеке тұлғалардың ҚР азаматтары екенін көргенде, мәмілелерді рәсімдеу оңай болады. Ал ЖШС мен заңды тұлғаларды тексеру мүмкін емес", - дейді ол. 

Айта кетсек, бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінде "ҚР кейбір заңнамалық актілеріне жер қатынастары мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы" заң жобасын талқылаған жұмыс тобының отырысы өтті. 

Талқылау