Қазақстан азаматы шетелдік алаяқтарға қоңырауларды жасыруға көмектескен
Шетелдік алаяқтарға қоңырауларды жасыруға көмектесті деген күдікпен Қазақстан азаматы ұсталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің хабарлауынша, бұл операциялар арнайы құрал-жабдықтар мен шетелдік нөмірлерді қазақстандық нөмірлерге ауыстырған зиянды бағдарламалық қамтамасыз ету арқылы жүзеге асырылған.
"Күдікті ұлттық байланыс операторларына зиян келтіріп, артық пайда тапқан. Ал шетелдік алаяқтар оның қызметін республика тұрғындарын алдау үшін қолданған. Соңғы 3 жылда 59 мың интернет алаяқтық оқиғасы тіркеліп, 43 миллиард теңгеге жуық залал келтірілген. Қылмыстық кодекстің 210-бабының 3-бөлігі (Зиянды компьютерлік бағдарламалар мен бағдарламалық өнімдерді жасау, пайдалану немесе тарату) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде", – делінген хабарламада.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті бір киіз үйді 13,5 миллион теңгеге сатып алған
Алайда дәл осы кезеңде Қазақстанның басқа өңірлерінде киіз үйлер әлдеқайда төмен бағамен сатып алынып жатыр
"Сап-сау баламды мүгедек қылып алдым": Қазақстандық әйелдің көзінше баласы азелит ішіп, өңешін күйдіріп алған
Бүгінде баланың асқазанына гастростома қойылған, өздігінен тамақтана алмай қалғанда ас тікелей асқазанға стома арқылы енгізіледі