Қазақстан азаматы Германияда кісі өлтірді деп айыпталды – БАҚ
Германияда 22 жастағы Қазақстан азаматы мерекелік жәрмеңкеде кісі өлтірді деп айыпталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Германиялық БАҚ мәліметінше оқиға көктемде Мюнстер қаласында болған. Деректерге сүйенсек, 31 жастағы ер адам пышақ жарақатын алған соң көз жұмыпты.
Шабуыл жасаған күдікті қашып кетіп, бірнеше күннен кейін полицияға өзі берілген. Куәгерлердің айтуынша, жанжал аттракциондағы кезек үшін басталыпты.
Кісі өлімінен кейін марқұмға құрмет ретінде жәрмеңке қызметі тоқтатылды.
Сот отырысы осы аптада басталуы керек.
Рейхстагқа ту тіккен Рахымжан Қошқарбаев па, әлде тарихи шындық бұрмаланды ма?
“Ақиқат бәрін жеңеді, бірақ 50 жыл кешігіп жүреді" дейді тарихшы Болат Сайлан
"Жалаң қылышпен танктерге қарсы соғысқан": Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде жойылып кеткен 106-ншы атты әскери дивизия туралы не білеміз
Дивизия құрамына алынатын жауынгерлерге "оқып-жаза алуы керек және орыс тілін білуі керек" деген талап қойылды