Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстан аймақтарында алдағы күндері ауа райы күрт суиды – Синоптиктер

Синоптиктер 4, 5 және 6 мамырда Қазақстан аймақтарында ауа райы қандай болатыны туралы болжам жасады. Болжамға сай ел аймақтарында, жаңбыр, найзағай мен бұршақ жауады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото pexels

Метеорологтардың мәліметінше, еліміздің солтүстігі мен батыс аймақтарында тұрғындар көктемгі жылуды сезініп үлгермей, арктикалық суық ауа райына қайта тап болады. Бұл аймақтарда барикалық толқындар қарқынының тез өзгеруі ауа райының күрт сууына себеп болады.

Солтүстік және оңтүстік циклондардың скандинавиялық антициклонмен араласуынан Қазақстан аумағында бұлтты және қолайсыз ауа райы болжанып отыр.



"Баренц теңізі акваториясынан суық ауа массаларының келуі алдымен республиканың солтүстік-батысында, солтүстігінде, содан кейін орталығында ауа температурасының төмендеуіне әкеледі. Түнгі уақытта термометрлердің бағандары төмендейді. Қар аралас жаңбыр жауады. Найзағай, бұршақ пен жаңбыр болжанғанымен, оңтүстік аймақтарда көктемгі жылы ауа райы әлі де сақталады", – делінген хабарламада.

Талқылау