Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстан Ауғанстан жерінен 42 адамды эвакуациялады

Қазақстан Ауғанстан аумағынан 42 адамды эвакуациялады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Бүгін сағат 17.00-де Қазақстан Республикасы Әскери-әуе күштерінің С-295 әскери-көлік ұшағы Ауғанстаннан эвакуацияланған 42 жолаушысымен бірге Алматыға аман-есен қонды. Қазақстанға 25 Қазақстан азаматы келді, оның ішінде 15 ересек және 10 бала, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Елшілігінің қызметкерлері бар", – делінген хабарламада.

Сонымен қатар, бұл әуе ұшағымен қырғыз тарапының өтініші бойынша Қырғызстанның 15 азаматы эвакуацияланды. Аталған ұшақтың гуманитарлық операциясы негізінде ҚР елшілігіне көмек сұрап жүгінген бір Ресей азаматы мен бір Литвалық азаматты да ауған елінен алып шықты.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Қазақстан Ауғанстаннан 15 қырғыз азаматын эвакуациялауға көмектескені хабарланған болатын. Бұл туралы Қырғызстан Сыртқы істер министрлігі хабарлаған.

"Министр Руслан Қазақбаев Қазақстан Республикасының басшылығына және сыртқы істер министрлігіне Қырғыз Республикасының азаматтарын Кабулдан 15 адамды эвакуациялауға көмектескені үшін, сондай-ақ Қырғызстанның Ауғанстандағы елшілігіне көрсеткен көмегі үшін алғысын білдірді. Бұл елдер арасындағы бауырластық, одақтастық және тату көршілік қарым-қатынастардың жоғары деңгейін көрсетеді", -* делінген хабарламада.

Қазақстан сырты істер министрі Мұхтар Тілеуберді қазақстандық тараптың Қырғыз Республикасының азаматтары мен Ауғанстандағы қырғыз дипломатиялық өкілдігіне қатысты мәселелерде одан әрі жан-жақты көмек көрсетуге дайындығын атап өтті.

Талқылау