Қазақмыс компаниялар тобы алғаш рет студенттерге арналған пилоттық жобаны іске қосты
Қазақмыс компаниялар тобы жоғары оқу орындары мен колледждердің техникалық мамандықтарының студенттеріне арналған "Өндірістегі онлайн тәжірибе" пилоттық жобасын алғаш рет іске қосуда.

Бұл жоба - студенттерді оқу орнына қарамастан нақты өндірістік процестермен, жұмыс орнындағы қажетті біліммен және талаптармен жан-жақты таныстыру мақсатында дайындалған. Қазіргі уақытта екі мамандық бойынша онлайн курстар дайындалуда: "Кең профильді станокшы" және "Электр және газбен дәнекерлеуші". Мамандықтардың тізімі одан әрі кеңейтілетін болады.

"Кең профильді станокшы" және "Электр және газбен дәнекерлеуші" мамандықтары үшін "Өндірістегі онлайн тәжірибе" жобасын іске қосу 2023 жылдың 1 қарашасынан бастап жоспарлануда.

Аталған қызмет бағыттарын жүзеге асыруды және пилоттық жобаны іске қосуды "Қазақмыс корпорациясы" ЖШС Ұйымдастырушылық даму және персоналды басқару дирекциясының персоналды дамыту және оқыту департаменті жүзеге асыруда.
Астанада параспортшылар федерация басшысына жалақысының бір бөлігін беруге мәжбүр болғанын айтты
Федерация басшысына "Алаяқтық" бабымен іс қозғалған
Қаскелеңде автобус қағып кеткен студенттің ісі жабылып қалған: Анасы қызының ауыр жарақат алғанын айтады
СДУ алдында автобус қызды қағып кеткен, алайда полиция істі көп ұзамай жауып тастаған