“Казахстанская” шахтасында метан тарады: Үш адам өлі күйінде табылды
Шахтинскіде “Казахстанская” шахтасында аяқ астынан метан тарап кетіп, салдарынан кем дегенде үш адам қаза тапты.

Қайғылы жағдай туралы ҚР ІІМ ТЖК-ның ресми өкілі Руслан Иманқұлов мәлім етті.
«Бүгін 31 тамызда таңғы сағат 4-тер шамасында Қарағанды облысы Шахтинск қаласындағы «Арселор Миттал Теміртау» компаниясына тиесілі «Қазақстан» шахтасында кенет метан газы тараған. Шахтада бастапқы мәлімет бойынша 136 адам болған. Ал апатты учаскеде алдын ала дерекке сәйкес 4 адам қалған. Қазіргі уақыттағы қолда бар дерек бойынша шахта қызметкерлері тіршілік белгісі жоқ 3 адамды тапқан», – делінген хабарламада.
Қазір оқиға орнында тексеру жүріп жатыр.
Тағы да оқыңыз:
Шетелдік журналист Головкин жекпе-жегін күні бойы тамашалаймын деп мәлімдеді
Мәскеуде Қазақстаннан барған әншіні көлік қағып кетті
Анасы азаптан құтқару үшін 7 жасар ауру қызын өлтіріп тастады
"Көзқарастары ескі": Қазақстан мұғалімдерінің қартаюы білім жүйесін әлсіретіп отыр ма?
Ал көпжылдық тәжірибесі бар мұғалімдер зейнет жас мәселесін қайта қарастырсын дейді
Қазақстанда киіз үй бағасы 200 мыңнан 1,8 миллион теңгеге дейін: Оны кімдер сатып алады?
Темірден жасалған киіз үйлердің құны 200 мың теңгеден басталып, 750 мың теңгеге дейін барады