"Қазақфильм" киностудиясын ауқымды өрт шалды
Жұма күні кешке, 14 тамызда Алматыдағы "Қазақфильм" киностудиясында қатты өрт басталды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"14 тамызда сағат 21:33-те кезекші пультіне Әл-фараби көшесі 176 үй мекенжайындағы ғимарат күзетшісінен хабар келген. Алматы қалалық төтенше жағдай күштері оқиға орнында күшейтілген режимде жұмыс істеп, өртті сөндіруде", - деді ТЖД баспасөз қызметі.
"Қазақфильмнің" аумағында - оттың екі ошағы бар - жеке тұрған сарайдың астында, сақталған ағаш өртеніп кеткен, сондай-ақ екі қабатты ағаш құрылымда, өрттің таралу қаупі жоқ. Зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ. Өртті сөндіруге 53 адам мен 16 техника жұмылдырылды", - деп нақтыланды ТЖД.
Куәгерлер өрттің видеосын ғаламторға жариялап жатыр. Ақпарат көзінің хабарлауынша, өрт декорациялар сақталатын қоймалардың бірінде болған.
"Аяғыма оқ тиіп, кестіруге мәжбүр болдым": Сынаққа сынбаған Паралимпиада чепионы Ербол Хамитов жайлы не білеміз?
Ербол Хамитов Қазақстан тарихында Паралимпиада ойындарында топ жарған алғашқы спортшы атанды
"4 миллион теңге күйіп кетті": Мерекеде қызғалдақ сатқан қазақстандық кәсіпкерлер биыл шығынға батқан
Кәсіпкер: "3000 гүл сатуымыз керек еді, бірақ тек 166 дана қызғалдақ саттық"