Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақ ұлттық педагогикалық университетіне стадион мен оқу корпусы қайтарылды

Қазақ ұлттық педагогикалық университеті оқу ғимараттары мен стадионын қайтарып алды. Горький саябағының аумағында орналасқан 5 гектар спорт нысаны бұрын жеке тұлғаларға заңсыз берілгені сотта дәлелденді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Яндекс карта

Жеке тұлға бес жыл футбол алаңын коммерциялық мақсатта пайдаланған. Ал 16 мың студенттің дене шынықтырумен толық айналысуға мүмкіндігі болмады.


Ғылым министрі алматылық ЖОО-ларды Қонаевқа көшіру жұмысы қашан басталатынын айтты


Университеттің бұрынғы басшылығы бұған дейін жалпы ауданы мың жарым шаршы метр болатын екі оқу ғимаратын заңсыз сатып жіберген. Сонымен бірге студенттер орын тапшылығын бастан кешірді деп хабарлады прокуратура.

“Медеу аудандық прокуратурасы Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің мүлкін заңсыз сату фактілерін анықтады. Медеу аудандық прокуратурасының қадағалау актілері бойынша заңды күшіне енген сот шешімдерімен мүліктік нысандар Ұлттық университетке қайтарылды”, – деп мәлімдеді Алматы прокуратурасының ресми өкілі Райымбек Шәріпбаев.

Бұған дейін Құлыбаевтың бір компаниясы сотта жеңіліп, Алматыдағы ҚазҰУ жерін өзінде қалдыра алмаған еді.

Талқылау