"Көргіз – көрсет": Қазақ тілінде жиі қолданылатын қате сөздер мен тіркестер
Айдарымыздың бүгінгі санында күнделікті естіп жүрген, жиі көзіміз сүрінетін қате тіркестерге шолу жасаймыз.
Фото: Stan.kz коллажы
Алдыға. Дұрысы – алға
Мағам. Дұрысы – маған
Көргіз. Дұрысы – көрсет
Бұлғары. Дұрысы – былғары
Уақтысы. Дұрысы – уақыты
Біратала. Дұрысы – біржолата
Екпетінен жату. Дұрысы – етпетінен жату
Айта кетейік, қазақ тілді ең ірі медиа – Stan.kz ақпарат агенттігі және "Dauletten қайырымдылық қоры" ЖҚ бірлесе отырып 24 мамыр күні республикалық жалпыұлттық “Онлайн Диктант” жобасын өткізеді. Аталған жоба әр жыл сайын қазақ тілінің жанашырларын біріктіріп, ағартушылық акциясы ретінде өтеді. Жобаға жас ерекшелігіне қарамастан кез кезген адам қатыса алады.
Биылғы жүлде қоры 2 миллион теңге, 10 жеңімпазға 200 000 теңгеден беріледі. Осы орайда қазақ тілінің дамуы мен аудитория сауатын арттыру мақсатында ұйымдастырылып отырған жалпыұлттық республикалық "Онлайн Диктант" жобасын қолдап, қолдау білдірулеріңізді сұраймыз.