Қазақ қызы Франциядағы қала мэрінің орынбасары болды
28 жастағы қазақ қызы Иешім Саваш Махмұтқызы Францияның Крей қаласы мэрінің орынбасары болып сайланды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы ақпарат әлеуметтік желілерде тарады.
Францияда 28-ші маусымда өткен жергілікті сайлауда Иешімнің партиясы жеңіске жеткен. Ол сайлауда 50% артық дауыс жинаған. Енді Иешім 2026-шы жылға дейін әкімнің орынбасары қызметін атқарады.
Иешім - Франция қазақ мәдениет қоғамы төрағасы Махмұт Саваш Әукейұлының қызы, сонымен қатар, қытайлармен күресте ерекше көзге түскен Зуқа батырдың шөбересі екен.
"Роллтонның" орнына бешбармақ: Атырау тұрғыны ұлттық тағамды 5 минутта дайындау жолын тапты
Кәсіпкер үшін бешбармақ – тек тез дайындалатын тағам емес
1 миллион теңге айлық, пәтер мен қызметтік көлік: Мемлекет Құрылтай депутаттарына қандай жағдай жасайды
Құрылтай мен бұрынғы Парламент арасында қандай айырмашылық бар