Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Баламның атын қолданбауларыңызды сұраймын": Өзіне қол салған НЗМ оқушысының әкесі мәлімдеме жасады

Алматыдағы өз-өзіне қол жұмсаған 8-сынып оқушысының әкесі мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Виктор Ким Алматыдағы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің басшылығына мәлімдеме жасап, онда оның отбасында болған қайғылы жағдайға, туыстары мен достарының сезіміне, бала туралы естелігіне, ата-анасының қайғы-қасіретіне түсіністікпен қарауды сұрады.

"Ұлымның атын қолданбауларыңызды және әлеуметтік желілерде, соның ішінде юбка киюді насихаттайтын оқиғаларды, әрекеттерді және жарияланымдарды тоқтатуды сұраймын", - делінген хабарламада.

Баланың отбасы оған қысым көрсету және психологиялық проблемалары туралы барлық болжамдар мен айыптаулардың шындыққа жанаспайтынын баса айтты.  

Оқушының ата-анасының мектеп әкімшілігіне, сонымен қатар куратор мен психологқа шағымы жоқ екенңн жеткізген. 

НЗМ баланың және оның жақындарының мүддесі үшін олар қосымша ақпаратты жария етпейтінін және болған оқиға туралы егжей-тегжейлі түсініктеме бермейтінін еске салды.

Талқылау